Үлкен бұлтты митап Yandex Cloud Қазақстанда

13 мамырда Astana IT University-де Yandex Cloud үлкен бұлтты митапы өтеді. Сіздерді компания мамандары мен стартап өкілдерінің қатысуымен алты сессия күтеді. Платформаның жаңа сервистерін, бұлтқа көшуді (cloud native тәсіл) және стартаптарға жасанды интеллект енгізуді талқылаймыз. Сұранысқа ие бұлтты мамандықтар туралы сессия өткіземіз және алдағы жылдардағы IT-трендтерді ойластырамыз.

Митап IT-мамандықтары студенттеріне, IT-мамандарына, стартаптар мен шағын және орта бизнес өкілдеріне пайдалы болады. Егер сіз офлайн режимінде қатыса алмасаңыз, онлайн-трансляцияға қосылыңыз. Митап жазбасын біз Yandex Cloud сайтында жариялаймыз.