Іс-шаралар

📢 Customer Development & MVP: Дамир Мнайдаровпен кездесу

event-thumbnail

📢 Customer Development & MVP: Дамир Мнайдаровпен кездесу

27 қараша күні 18:00-де Qostanai Hub-та (Абай даңғылы, 28/1) Костанай қаласы бойынша «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры филиалының және Qostanai Hub-тың директоры Дамир Мнайдаровпен кездесу өтеді.

Дамир — өңірдегі инновация, акселерация және кәсіпкерлік экожүйесін дамыту бағытында тәжірибесі мол маман. Кездесуде ол кез келген жобаның бастапқы кезеңінде маңызды болатын негізгі білімдерімен бөліседі.

🎙 Кездесу тақырыптары:

  • Customer Development деген не және неге онсыз бүгін ешбір стартап өмір сүре алмайды;

  • мақсатты аудитория қажеттіліктерін дұрыс зерттеу жолдары;

  • гипотезаларды құру және оларды тез тексеру тәсілдері;

  • MVP деген не және оны ертең-ақ тестілеуге болатын минималды өнімге қалай айналдыру;

  • қателіктерден аулақ болып, дамуды жеделдетуге көмектесетін практикалық кеңестер.

Кезесу StartUp Orda инкубациялық бағдарламасы аясында өтеді — мұнда идеялар нақты жобаларға айналады 💡✨

📍 Өз стартапын дамытуға және шынайы құралдар алуға ниетті барлық қатысушыларды күтеміз!

  • Ұйымдастырушы

    Международный инновационный кластер «Astana Hub»

  • Сала

    Желілік технологиялар және инфрақұрылым

  • Формат

    Оффлайн

  • Регион

    Қостанай

  • Мекенжай

    просп. Абая 28/1, Костанай 110000, Казахстан

  • Дата начала

    Қар. 27, 2025 18:00

  • Дата завершения

    Қар. 27, 2025 20:00

Участвовать