Аймақтық инкубацияларға арналған Demo Day іс-шарасы

Бағдат Мусиннің қатысуымен өтетін аймақтық стартаптардың Demo Day іс-шарасы

Сіздерді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің Қазақстанның аймақтық стартап-экожүйесінің өкілдерімен бірге өтетін кездесуге шақырамыз.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдан бастап Astana Hub Қазақстанның әр өңіріндегі технопарктер мен акселераторларға стартаптар пулын іздеуде және білім беру мен бизнес-бағдарламаларды дамытуда қолдау көрсетіп келеді.

Технопарк Қазақстанның Алматы, Қостанай, Тараз, Атырау, Көкшетау, Ақтау, Шымкент, Өскемен, Талдықорған, Қызылорда, Павлодар, Орал сияқты қалалары мен облыс орталықтарын қамтыды.

Министрмен кездесуде өңірлердегі қорытындылармен және бүкіл Қазақстан бойынша стартап-экожүйені дамыту жоспарларымен бөлісетін боламыз.

Іс-шара онлайн өтеді және оған кез келген адам қатыса алады