FAIL UP NIGHT Андрей Антропов: "FailUp даму факторы ретінде"

Андрей Антропов — «РБС Софт» атты белоруссиялық компанияның директоры. Ұйым бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен және сүйемелдеумен айналысады, негізгі міндеттері — банк жүйесіне кредит беру және бөліп төлеу қызеттерін ресімдеу процесін оңтайландыру.
Бұл компанияны құрғанға дейін Андрейдің Беларуссиядағы «Розничные банковские системы» компаниясының директоры, Альфа-Банктің Product owner-і және Home Credit Bank маркетинг басқармасының бастығы ретіндегі біршама тәжірибесі бар. ⠀
Вебинарда Андрей қаржы, несие мен қаржылық қызметтер және сауда саласындағы тәжірибесі мен бөлісіп, жеңіске жетелеген жеңілістері туралы әңгімелейтін болады. ⠀
❓Әсіресе, банк саласында жоба құрып, мықты команда жинап, инвестиция тартуды көздеген стартаптар үшін ақпарат пайдалы болмақ.