📢 Топтық жұмыс: Стартаптар × Әкімдік
Бағдарлама қатысушыларын әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері мен бағынысты ұйымдарының өкілдерімен өтетін ресми кездесуге шақырамыз!
Бұл — өз технологиялық шешімдеріңізді тікелей таныстыруға, қаланың өзекті міндеттерін талқылауға және оларды іс жүзінде бейімдеп, енгізу жолдарын айқындауға арналған бірегей мүмкіндік.
🗓 Күні: Бейсенбі, 5 қараша
⏰ Уақыты: 15:00 – 18:30
📍 Форматы: Онлайн
Кездесуде не күтіледі:
- Қалалық құрылым өкілдерінің алдында стартап-шешімдеріңізді таныстыру (презентация);
- Қаланың қазіргі мәселелері мен сұраныстарын ашық талқылау;
- Жобаларыңызды пилоттық режимде енгізу мүмкіндіктері мен өзара іс-қимыл нүктелерін айқындау.
Презентацияларыңызды дайындап, нәтижелі сұхбатқа дайын болып келіңіздер! 🚀