Invest Day

Стартаптар мен инвесторларға арналған бірегей алаң

Стартаптар мен инвесторларға арналған іскерлік алаң - Astana Hub Invest Day іс-шарасына өтінімдер қабылдау басталды.
Қазақстан мен шет елдердің үздік он жобасы өз өнімін инвесторлар мен бизнес-періштелерге ұсына алса, инвесторлар үздік стартаптарға инвестиция құйып, ортақтас болатын инвесторлар табуға мүмкіндік алады.
Invest day-ге қатысу несімен пайдалы?
-Питч дек (презентациялар) дайындау бойынша кәсіби трекермен жеке кеңес беру;
-Трекермен питчті пысықтау (питч репетициясы);
-Инвесторлар мен венчурлік қорлар алдында сөз сөйлеу мүмкіндігі;
-Инвестормен 50 минуттық жеке митап (егер инвестор қызығушылық танытса).
Invest Day бизнес-періштелер мен инвесторларға қандай мүмкіндіктер ұсынады?
-Үздік жергілікті және шетелдік стартаптарды қарастыру;
-Инвестициялық портфельді қалыптастыру;
-Ортақ инвесторды табу;
-"Deep Dive" сессиясына қол жеткізу (таңдаулы жобалармен жеке кездесулер).
Іс-шараның негізгі серіктестері: UVCA, InVentures, TA Ventures, iClub, Орталық Азия инвесторлар мен бизнес-періштелер клубы, QazAngels бизнес-періштелер клубы, MOST Ventures, KASE, Разведка боем, Yellow Rockets, сондай-ақ Қазақстан мен ТМД елдерінің жетекші бизнес-періштелері.