Мәліметтер қорымен қалай жұмыс істеу керек? Болашақ айти мамандарына арналған митап ⚡️

Мәліметтер қоры - бұл компьютерлік жүйеде электронды түрде сақталатын құрылымдық ақпараттың немесе деректердің реттелген жиынтығы. 27 тамызда біз "DBA болашағы" тақырыбында митап өткіземіз, ол жерде біз мамандықтың мәні неде және кім мәліметтер қорының әкімшісі бола алатынын талдаймыз.

 

Шақырылған спикер ретінде Overonix Technologies-тегі Senior DBA Дидар Молдабеков болады.

 

Сіз:

- Database дегеніміз не

- DBA деген кімдер: түсінік, қолдау және дамытуды

- Databases түрлері және оларды қалай басқаруды

- Databases және DBA болашағы туралы білесіз.

 

 

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.