Физикалық серверлерде бұлтты қызметтің аналогын қалай жасауға болады?

Бұл туралы митапта Kazdream holding-тегі DevOps Team lead Жангир Капишов айтып береді. 

Спикер осы тәсілді қолдана отырып, серверді басқарудың тиімділігі мен икемділігін арттыру, қосымшаларды тезірек және сенімді орналастыруды қамтамасыз ету мен серверлердің тоқтап қалу уақытын азайту жолдарын қарастырады. 

Біз: 

- істен шығуға төзімді инфрақұрылым 

- DevOps-тің ең жақсы тәжірибелері 

- процестерді автоматтандыруды 

- физикалық сервердегі бұлттың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы талдаймыз. 

DevOps инженерлерін, CTO, әзірлеушілерді, ІТ-бағыттағы студенттерді шақырамыз. Қатысу тегін, офлайн немесе онлайн режимінде Webex Meetings платформасы арқылы қосылуға болады. 

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.