Болашаққа шешімдерді қалай жасауға болады? Ол үшін IoT технологиясын үйренейік

Заттар интернеті (Internet of Things) - бұл құрылғылар арасындағы деректер желісінің тұжырымдамасы. 20 желтоқсан күні біз "Смарт-шешімдерді әзірлеуде IoT технологияларын қолдану" тақырыбында өткізілетін митапта бұл туралы толығырақ талдаймыз. Шақырылған спикер - Анкарадан келген продакт-менеджер Мұстафа Йылмаз болады.

 

Митапта талдайтынымыз:

- IoT дегеніміз не және ол қандай жобаларда қолданылады

- жұмыс жасап жүрген жобаның мысалында IoT-ты пайдалану

- жобанының демонстрациясы: құрылғыларды басқару, басқару тақталарын құру, деректерді визуализациялау

- әзірлеу процесін толықтай қарастыру

- жобаның техникалық инфрақұрылымының сипаттамасы

 

Спикер шынайы жоба мысалында тақырыпты талдайды және құрылғыларды басқару, сондай-ақ басқару тақталарын құру және деректерді визуализациялау туралы айтады. Сонымен қатар ол әзірлеу процесіне тоқталып, толық талдау жасайды.