Қарағанды қаласының кәсіпкерлері бизнесті дамытуға берілетін гранттар үшін күресе алады

8 желтоқсан күні сағат 18:30-да "Терриконовая долина" ІТ-хабында бизнесмендерге өз ісін дамытуға және нарықта масштабтауға көмектесуге арналған "Акселератор" бағдарламасының финалы өтеді. Іс-шара қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері үздік жобаларды таңдап, барлық қатысушыларды бағдарламадан өткені туралы сертификаттармен марапаттайды.

 

"Акселератор" аясында кәсіпкерлер арнайы шақырылған сарапшылар мен трекерлермен 9 апталық оқыту курсынан өтті. Олар нарық пен бәсекелестерді талдау, Customer Development, маркетинг және сату, мемлекеттік сатып алумен жұмыс істеу ерекшеліктері, команданы басқару, no-code бағдарламалау және т.б. сияқты модульдерді іс жүзінде зерттей алды. Демокүнде өндірістік қауіпсіздік, computer vision, e-commerce, medtech, legaltech, edtech, аддитивті технологиялар бағыттары бойынша қызмет жасайтын 7 команда өз нәтижелерімен бөліседі. Олар өз жобаларын таныстырады және бағдарлама аясында іске қосылған пилоттық жобалар мен жаңадан құрылған келісім-шарттар туралы айтып береді.

 

Іс-шараның қонақтары Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының, Tumar және Activat инвестициялық фондтарының, сондай-ақ Демокүн серіктесі Yandex Cloud-тың өкілдері болады. Ұйымдастырушылар жылдың және бағдарламаның қорытындыларымен бөліседі, ал Yandex Cloud өз қызметтерін пайдалануға грант бөледі.

 

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.