Қазақша өтетін tekmates дизайн митабы
4 шілдеде сағат 17:30-да графикалық және UX/UI дизайнерлеріне арналған митап өтеді.
Дизайн кеңістігі сансыз идеялар мен туындыларға толы. Дизайнер болса өзінің икемін нығайтуға немесе ерекше шешімге келу үшін қалыптасқан әдістен тыс, үйреншікті көзқарастан бөлек жол іздейді. özge dsgn митабы өзге пікірді ескеруге, өзге ойды естуге, өзге тәсілді көрсетуге, өзге бағытпен танысуға шақырады.
Қысқа мерзімде инхаус командасымен қалай ребрендинг жасау керегін айтамыз. Күнделікті жұмыста дизайнды тапсырыс берушіге, программистерге ұтымды жеткізудің жолдары жайлы баяндаймын. Excel-ден PowerBI-ге деректерді тасымалдауды кез келген қызметкер түсінетіндей көрсетеміз. Ал панельдік талқылауда тұрақты жұмысы бар дизайнерлер неліктен фриланс жобаларын қабылдайтынын талқылаймыз.
Не болады
- Инхаус командасы компанияға екі айда қалай ребрендинг жасай алады
Спикерлер: tekmates арт директоры Әлина Молдақұл мен графикалық дизайнері Камшат Бектұрған.
Екі айда инхаус командамызбен бірге компания ребрендингін жасап, қалай tekmates атанғанымызды, қандай қиындықтар болғанын және олармен қалай күрескенімізді, брендтің фирмалық стилі мен имиджін сәтті іске қосып, дамыту үшін жұмыс процесін қалай құрғанымызды айтамыз.
- Дизайнер — қиялын темір торға қамаған жапандағы жалғыз жолаушы
Спикер: Senior Product Designer Aitu Super App Гүлнұр Асан.
Xcell-дегі деректерді PowerBI-ға тасымалдағанда, түрлі материктегі кадр бөлімінің менеджерінен бастап бас директорға дейін түсінікті болатындай етіп, қалай дизайн жасауға болатынын айтамыз. Пайдаланушымен сұхбаттасу ақырғы нәтижеге қалай әсер ететінін баяндаймыз.
- Дизайнды ұтымды қорғап, соңына дейін аман-есен жеткізудің оңай жолдары
Спикер: Lead Product Designer abr tech Айгерім Қата.
Күнделікті жұмыста тапсырыс беруші мен бағдарламашыларға дизайнды қалай ұтымды жеткізу керегін айтамыз. Практикалық қадамдарды көрсетіп, чек-лист пен фреймворк ұсынамыз.
- Панельдік талқылау. Неліктен тұрақты жұмысы бар дизайнерлер фриланста жұмыс істейді
Қатысушылар мен спикерлердің кейстерін пайдалана отырып, бұл ақшаға ғана қатысты ма, әлде қосымша жұмыспен айналысуға тағы бір себеп бар ма деген сұрақты талдаймыз.
Бағдарлама
-
18:30 – 18:45 қонақтарымыз жиналады, кешімізді ашамыз
-
18:45 – 19:00 «Дизайнер — қиялын темір торға қамаған жапандағы жалғыз жолаушы»
-
19:00 – 19:10 сұрақтарға жауап
-
19:10 – 19:30 «Инхаус командасы компанияға екі айда қалай ребрендинг жасай алады»
-
19:30 – 19:40 сұрақтарға жауап
-
19:40 – 19:45 үзіліс
-
19:45 – 20:00 «Дизайнды ұтымды қорғап, соңына дейін аман-есен жеткізудің оңай жолдары»
-
20:00 – 20:10 сұрақтарға жауап
-
20:10 – 21:10 Панелдік талқылау «Неліктен тұрақты жұмысы бар дизайнерлер фриланста жұмыс істейді?»
Митап Zoom және YouTube-те онлайн өтеді. Қатысу үшін Telegram ботында тіркеліңіз. Келіңіз. Сізді күтеміз!
-
Тип мероприятия
Митап
-
Формат
Оффлайн
-
Регион
-
Дата начала
Шілде 4, 2024 18:30
-
Дата завершения
Шілде 4, 2024 21:10