Defense Tech хакатоны

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Astana Hub мен «Транстелеком» компаниясының қолдауымен, сіздерді Екінші дүниежүзілік соғыс жеңісінің 80 жылдығына орай өткізілетін Defense Tech хакатонына шақырады.
📍 Күні: 2025 жылғы 5 мамыр
📍 Өтетін орны: Astana Hub (Event Hall, Мангилик Ел проспектісі, 55/8)
🏆 Приздік қоры: 5 000 000 теңге!
Defense Tech хакатоны – бұл жай ғана жарыс емес. Бұл – жаңашылдық, технология және патриотизмнің тоғысатын алаңы, мұнда еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға арналған шешімдерді бірге әзірлейміз!
Жобалар әзірлеу бағыттары
-
Sarbaz+ порталы — қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы инновациялық бастамаларды басқару мен үйлестіру үшін цифрлық платформа.
-
Жасанды интеллектпен жұмыс істейтін автономды чат-бот — құжаттарды талдау, өтініштерді жіктеу және ұсыныстар беру үшін ақылды көмекші.
-
Коммуналдық қызметтерді есепке алу жүйесі — шығындарды талдау және оңтайландыру мақсатында нақты уақыттағы технологиялар.
-
Ақылды жарықтандыру жүйелері — жарық деңгейіне және қажеттіліктерге сәйкес автоматты түрде диммирлеу.
-
Объектілердің цифрлық егіздері — ғимараттар, құрылымдар, коммуникациялар мен аумақтарды толық деректері бар 2D және 3D модельдеу.
-
Жасанды интеллектпен жұмыс істейтін тұтынушының өзін-өзі қызмет көрсету порталы — өтініштер, жүгінулер мен шағымдарды ақылды өңдеу үшін әмбебап жүйе.
Қатысуға кім шақырылады:
IT-мамандар, әзірлеушілер, технологиялық стартаптар, студенттер, ғалымдар және өз білімдері мен идеяларын іс жүзінде жүзеге асырғысы келетін, қорғаныс технологияларының дамуына үлес қосқысы келетін барлық қызығушылар.
Сіз не аласыз:
-
Жобаңызды нақты салада жүзеге асыру мүмкіндігі;
-
Сала мамандары мен әлеуетті инвесторлармен нетворкинг;
-
Ұйымдастырушылар тарапынан ресурстар мен қолдау;
-
Әрине, жалпы 5 миллион теңгелік приздік қор, соның ішінде «Транстелеком» компаниясының арнайы ұтысы.
📌 Өтініштерді 2025 жылғы 1 мамырға дейін қабылдаймыз:
📌 Хакатонның техникалық тапсырмаларымен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыз:
https://drive.google.com/drive/folders/1AJ8SOTGK-WHh1ufs48bRu8E5AgoN_Yld?usp=sharing
Тыңдаушы ретінде тіркелу сілтеме арқылы жүзеге асырылады
-
Сала
Басқа
-
Формат
Оффлайн
-
Регион
Астана
-
Мекенжай
Astana Hub (пр. Мангилик Ел, 55/8, С 4.6, 1 этаж, Event Hall)
-
Дата начала
Мамыр 5, 2025 08:30
-
Дата завершения
Мамыр 5, 2025 14:00