Әзірлеуші болғыңыз келе ме? Ендеше бұл митап сізге арналған 👨‍💻

13 желтоқсан күні ІТ-хабта  WOOPPAY ЖШС-де iOS әзірлеушісі Богдан Шматов "Swift-те қосымшаларды әзірлеу негіздері" тақырыбында сөз сөйлейді.

 

Митап жоспарында:

-Swift-ке кіріспе: тілдің негіздері, кілттік ерекшеліктері және оны iOS-та әзірлеу үшін Apple неге таңдады;

-Xcode ішіндегі жоба құрылымы: Xcode әзірлеу ортасындағы жоба құрылымының негізгі элементтері, соның ішінде файлдар, қалталар және кодты қалай дұрыс ұйымдастыру керек;

-UIKit негіздері: UIViewController, UIView, UITableView, сияқты UIKit негізгі компоненттері және олардың қосымша интерфейсін құру үшін өзара әрекеттесуі.

 

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.