Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-зерттеу форум

2024 жылдың 26-28 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-зерттеу форумы өтеді. Шара ҚазҰУ мен Солтүстік-батыс политехникалық университеті арасындағы тұрақты халықаралық ынтымақтастықтың бір бөлігі болып табылады.

Форумда қамтылатын тақырыптар:

• Құрылымның қалыптасу процестері

• Фазалық-құрылымдық ауысулар

• Электрондық процестер

• Функционалды материалдар мен жабындар

• Наноматериалдар және нанотехнологиялар

• Материалдарды жобалау үшін жоғары өнімді есептеу және модельдеу

• Жоғары өнімді тәжірибе және ақылды өндіріс

• Гендік инженерия материалдарын қолдану

• Биомедициналық және мультимедиалық ақпаратты өңдеу

• Domain Specific Architecture (DSA), Circuit and Accelerator

• Интеллектуалды ақпараттық жүйелер және киберфизикалық жүйелер

• Жүйелерге арналған жасанды интеллект және жасанды интеллектіге арналған жүйелер

Комитет таңдаған және конференцияда ұсынылған мақалалардың шектеулі саны (жарияланбаған жаңа материалдар) Web of Science жүйесінде индекстелген Recent Contributions to Physics журналында немесе Web of Science және Scopus жүйелерінде индекстелген International Journal of Mathematics and Physics журналдарда жарық көреді.

Форум тілі – ағылшын тілі

Тезисті тапсыру мерзімі – 15.08.2024 ж.

Тезистің қабылданғаны туралы хабарлама – 01.09.2024 ж.

Конференцияның қорытынды бағдарламасының жариялану мерзімі – 15.09.2024 ж.

Жиналған мақалаларды таңдалған журналдарда жариялауға қабылданғаны жайлы хабарлама – 30.10.2024 ж.

Университет сайтының факультет парақшасында толық ақпарат ұсынылған.

1-секцияның конференц-менеджері: Ph.D Пешая Светлана

Мобильді телефон (whats app): +77051968268

Email: Peshaya.Svetlana@kaznu.kz

2-секцияның конференц-менеджері: Ph.D Чжао Дауэи

Email: zdw@nwpu.edu.cn

Конференция секретариаты: Қапанов А.С.

Мобильді телефон: +7(747) 507-07-27

Email: kaznusslab@gmail.com