🍕 Qostanai Hub-тағы алғашқы Pizza Pitch 2026 🚀
Әлемге таныстырғыңыз келетін идеяңыз, стартапыңыз немесе жобаңыз бар ма?
Онда бұл — өзіңізді көрсетуге тамаша мүмкіндік 💡
Qostanai Hub сіздерді биылғы алғашқы Pizza Pitch алаңына шақырады — бұл жобаларды дамытуға, пікір алмасуға, жаңа таныстықтар орнатуға және өңірдің стартап қауымдастығының бір бөлігі болуға арналған кездесу 🤝
📅 28 мамыр
🕓 Басталуы: 16:00
📍 Qostanai Hub, Абай даңғылы, 28/1
Сіздерді күтеді:
— стартаптар мен идеялардың таныстырылымы
— қауымдастықтан кері байланыс
— жаңа таныстықтар мен нетворкинг
— кәсіпкерлік пен технология атмосферасы ✨
🏆 Жүлде қоры — 450 000 теңге
Егер сізде жоба болса — келіп, оны таныстырыңыз.
Ал стартаптар мен технологиялар саласы қызықтырса — шабыт алып, қатысушыларға қолдау көрсету үшін келіңіз 🚀