Сәлем, достар 🚀

Мемлекеттік сервистер мен технологияларды құруға және жылжытуға қызығушылық танытқандардың барлығын "GovTech жобаларын әзірлеу және енгізу ерекшеліктері" митабына шақырамыз! 🏛️

 

"Центр стратегических инициатив" ЖШС кіші серіктесі - Ербол Тулегенов GovTech жобаларын әзірлеу мен енгізудегі өз тәжірибесімен бөлісуге дайын. 🔍

 

Іс-шарада біз талқылаймыз:

1. Қарағанды облысындағы eAkimat365 жобасы. Мемлекеттік органдардың бюджеттік процестеріне қысқаша экскурсия.

2. Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуге тапсырыс беру мен дайын бағдарламалық жасақтамаға жазылуды сатып алу арасында таңдауды қалай жасау керек. Мемлекеттік органдарда сату техникасы.

3. Аяқталмай созыла беретін техникалық тапсырмамен қалай тиімді жұмыс істеу керек. Клиенттің үмітін басқару техникасы.

4. CSI-де жобалық басқарудың ерекшеліктері. Талдаушылардың, әзірлеушілердің және кеңес берушілердің үлкен командасымен жұмыс істеудегі қателіктер мен жетістіктер тәжірибесі.

5. Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияны қалай ұйымдастыруға болады.

 

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.