SCALE UP: the Most Investable Tour-ға қатысуға шақырамыз

Сіздерді Кремний алқабына SCALE UP: the Most Investable Tour-ға қатысуға шақырамыз!

 Сапарымыз 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында өтеді.

Егер сіз халықаралық деңгейде инвестициялауға қызығатын болсаңыз, венчурлық экожүйе туралы көбірек білгіңіз келсе және жаһандық нетуоркингті арттырғыңыз келсе, онда бұл тур сізге арналған! 

Бағдарлама аясында сіз келесі мүмкіндіктерге ие боласыз: 

  • Құрамында 16 unicorn компания бар және табысты стартаптардың 90%-на ие Стэнфордтың жетекші акселераторы StartX ұйымдастыратын шеберлік сабақтары мен дәрістеріне қатыса аласыз. 
  • Халықаралық стартаптармен және инвесторлармен танысыңыз, өйткені StartX қауымдастығы кәсіпкерлерді қолдайтын ең мықты комьюнитилердің бірі. 
  • Big Tech компанияларының кеңселеріне барып, нетуоркинг пен бизнесті дамытуға арналған іс-шараларға қатысасыз. 
  • Әлемнің технологиялық астанасы – Пало-Альто мен Сан-Францисконың сұлулығы мен атмосферасын тамашалайтын боласыз.

Толық ақпаратты, тіркеу мен қатысу шарттарын сайтынан таба аласыз. Қосымша сұрақтар бойынша бағдарлама кураторы Мерей Лусероға хабарласыңыз: 87017770418 немесе m.lucero@mostfund.vc

SCALE UP-қа қосылып, АҚШ-та жаңа бизнес мүмкіндіктеріне ие болыңыз!