Tech Orda бағдарламасы бойынша кездесу

Бәріне сәлем!

Astana Hub Қазақстанның IT білім беру нарығының барлық өкілдерін онлайн жұмыс кездесуіне шақырады, оның аясында Astana Hub және ЦДИАӨМ өкілдері Tech Orda бағдарламасының 2022 жылға арналған тұжырымдамасын ұсынады.

Tech Orda-2025 жылға қарай 20 000 маман дайындау мақсатында бағдарламалау мектептерінде IT мамандықтарын оқытуды қаржыландыру бағдарламасы.

Бағдарламаны іске асыру тетігін талқылау үшін бағдарламалау мектептерін және олардың өкілдерін шақырамыз, онда сіз өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды қоя аласыз және өз ұсыныстарыңызды енгізе аласыз.

Қашан: 4 ақпан, 2022 жыл, сағат 12:00, Алматы қаласы
Өтетін орны: ZOOM

Сонымен қатар, әрбір бағдарламалау мектебінен ақпаратты алдын ала жинау және тіркеу үшін сауалнаманы толтыруды сұраймыз. Біз сілтемені ZOOM-ға кездесуден бір сағат бұрын e-mail-ге жібереміз.