Tech Garden жаңа өнеркәсіптік тур туралы хабарлайды 🏭

Tech Garden жаңа өнеркәсіптік тур туралы хабарлайды 🏭

Бұл жолы біз IT-компанияларды Өскемен қаласындағы Бақыршық кен орнына, "Polymetal"компаниясына баруға шақырамыз

"Polymetal" компаниясы бағалы металдарды өндіру бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады және жоғары сапалы активтер портфеліне ие (алтын, күміс, мыс). Қазақстанда топ құрылымына 4 кәсіпорын кіреді, олардың бірі – құрамында алтын бар кенді өңдеумен және құрамында алтын бар концентратты шығарумен айналысатын "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" ЖШС.

Қашан: 24-25 тамыз❗

Осы қызықты турға қатысу үшін сілтемені басу арқылы өтініш қалдырыңыз.

Өтінімдер 18 тамызға дейін қабылданады 📥егер сіз simp платформасының пайдаланушысы болмасаңыз, онда сіз тіркеуден өтуіңіз керек

🏭Тур барысында біз негізгі өндірістік процестермен танысамыз, мысалы: кенді игеру, тасымалдау, кенді ұнтақтау, флотация және басқалар. Ірі карьерлер мен тау-кен байыту комбинатына барамыз.

🦾Бақыршық кен орнына сапар IT-компанияларға өндірістік процестер туралы білімдерін кеңейтуге, технологиялық инновацияларды түсінуге, Іскерлік байланыстар орнатуға және бағалы металдарды өндіру саласында жаңа шешімдер жасауға шабыт алуға бірегей мүмкіндік береді.

🦾Tech Garden-мен бірге қымбат металдарды өндірудің қызықты әлеміне еніңіз!