🚀 «Future Digital Skills» цифрлық хакатоны
🚀 «Future Digital Skills» цифрлық хакатоны
24 желтоқсан, сағат 9:00
📍 Абай даңғылы, 28/1
Қостанай қаласында «Future Digital Skills» цифрлық хакатоны өтеді. Бұл — «Digital Kazakhstan» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын пилоттық жоба, мектеп оқушыларының цифрлық және кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Хакатонға пилоттық жобаға қатысушы жалпы білім беретін мектептердің 7–8 сынып оқушылары қатысады. Іс-шара барысында оқушылар өз идеялары мен жобаларын ұсынып, командалық жұмыс, креативті ойлау және технологияларды тәжірибеде қолдану дағдыларын көрсетеді.
Оқушыларды хакатонға дайындау аясында келесі курстар өткізілді:
💻 Artisan PiBody жинағы негізінде Python бағдарламалау;
🧩 Tinkercad платформасында 3D-модельдеу;
🚀 өз идеяларын әзірлеу және таныстыруға арналған «Стартап» курсы.
«Future Digital Skills» — оқушылардың цифрлық болашаққа жасаған алғашқы сенімді қадамы.
-
Ұйымдастырушы
Международный инновационный кластер «Astana Hub»
-
Сала
Желілік технологиялар және инфрақұрылым
-
Формат
Оффлайн
-
Регион
Қостанай
-
Мекенжай
просп. Абая 28/1, Костанай 110000, Казахстан
-
Дата начала
Жел. 24, 2025 09:00
-
Дата завершения
Жел. 24, 2025 16:00