Табысты стартапты қалай бастау керектігін біліп, грант ұтып алыңыз!👏

Ура, біз жаңа Инкубаторға - стартаперлерді қолдау және дамыту үшін құрылған жобаға өтінімдерді қабылдауды ашамыз. Бұл жерде стартаперлер жетістікке жету жолында кездесетін қиындықтарды жеңу үшін құнды білім мен ресурстарды, сараптамалық менторлықты және қолайлы инфрақұрылымды алады.

Инкубатордың финалында командалар өздерінің стартаптарын инвесторларға ұсынып, жобаларды одан әрі дамыту үшін ақшалай сыйлық ұтып алады 💰

Бағдарламада сізді не күтіп тұр:

🔹шақырылған сарапшылардың дәрістері

🔹командаларға арналған воркшоптар: идеяны таңдаудан бастап қаржыландыруды тартуға дейін

🔹өнімді дамытудың барлық кезеңдерінде трекермен сессиялар

🔹кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша қолдау және кеңес беру

🔹инвесторлар алдында жобаларды қорғау.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.