Подкастты қалай табыс әкелетіндей жазу керектігін біліңіз!

15 қараша күні IT-хабта "Подкасттан стартапты қалай жасауға болады: идеядан постпродакшнға дейін" тақырыбында митап өтеді. Шақырылған спикер - prokinoagency негізін қалаушы, сценарист, продюсер, мобилограф Жулдыз Абеу болады. 

 Біз: 

- пилоттық подкаст схемасын 

- түсірілім жоспарын 

- бюджеттік жобалар үшін жергілікті сметаларды дұрыс құрастыруды 

- синопсис, логлайн 

- монтаж, постпродакшн 

- пилоттық шығарылымдарға арналған сценарий тұжырымдамасын 

- "Мен мобилографпын" курсы: телефонға бейне түсіруге арналған 7 маңызды модуль туралы талдаймыз. 

 Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі