Вебинар: "Комьюнитимен қатынасудың оңай жолдары: Unisender мысалында"


Спикер: блог авторы және Unisender-дегі комьюнити-менеджері — Ярослав Борута.
Ярославтың Максим Ильяхов, Оля Морозова, Ася Челован, Михаил Калашников, Владимир Галика сияқты кәсіпкерлермен және медиа тұлғалармен 100-ден астам сұхбат жүргізу тәжірибесі бар. 2020 жылдың қазан айынан бастап Unisender-дегі комьюнити-менеджментке жауап береді: телеграмдағы дауыстық чаттарды өткізуден бастап әлеуметтік желілердегі жағымсыз пікірлерді өңдеуге дейін — оның мойнында.
Кездесу барысында ол нетворкинг жайлы және индустриядағы комьюнити-менеджер мамандығының рөлі туралы әңгімелейді.

Күні: 5 тамыз
Уақыты: 17:00
Өту орны: Zoom