“Алматыда Кремний алқабы компаниясының өкілдігін қалай аштым” тақырыбындағы вебинар

Astana Hub in Almaty командасы сіздерді Қазақстанның IT саласының жарқын өкілдерімен таныстыруды жалғастырады. Бұл жолғы іс-шараның қонағы Shakhmardan Yessenov Foundation бағдарламасының жеңімпазы, POWR компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің директоры және бас soft инженері — Айгүл Имаділдаева.

Айгүл IT экспортты дамыту және танымал ету мүмкіндіктері туралы айтатын болады. Кездесу батыс IT нарығын жаулап алғысы келетін әзірлеушілерге, бағдарламашыларға, фрилансерлерге пайдалы болмақ.

Вебинар қазақ тілінде өтеді
🔗 Тіркеу аяқталды.