Салалық міндеттерді шешуде Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдану "тақырыбындағы вебинар

12 сәуірде Astana Hub Халықаралық IT стартаптар технопаркі алаңында салалық міндеттерді шешуде Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдануға арналған вебинар өтеді. Іс-шара барысында SpaceTech технологиялық платформасының тұсаукесері өтеді, сондай-ақ Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолданудың бірнеше сәтті шешімдері ұсынылады. Вебинардан қосымша сіз стартап-жобаларды мемлекеттік қолдау құралдары туралы біле аласыз.

Бағдарламаның басты элементі қазақстандық ЖҚЗ ғарыш аппараттарынан алынған ғарыш түсірілімдерін іздеу және тапсырыс беру онлайн сервисінің таныстырылымы болады. Вебинар қатысушыларына ғарыштық түсірілімдерді тегін көру шарттары және оларды алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беріледі.

Іс-шара Astana Hub Халықаралық IT стартаптар технопаркінің қолдауымен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице – министрі Батырқожа Азамат Байқуанышұлының қатысуымен өтеді. Вебинар бағдарламасы Модератор: Жанабеков Нұрахмет Магомадұлы

Вебинар бағдарламсы

 Модератор: Джанабеков Нурахмет Магомадович

Спикер

Баяндама тақырыбы

Ұзақтығы

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі Батырқожа Азамат Байқуанышұлы

ЦДИАӨМ вице-министрінің алғы сөзі

 

10 мин

"Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Зернов Дмитрий Юрьевич

SpaceTech технологиялық платформасы

 

10 мин

Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК " АҚ кеңістіктік деректер департаменті директорының орынбасары Тойшибеков Оскен Карабаевич

Салалық мәселелерді шешудегі ГАЖ қосымшалары

 

10 мин

"Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ департаменті R&D бойынша әзірлеу басқармасының бастығы Аймышев Батырұлан Есенғалиұлы

Интернеттегі суреттерді іздеу және тапсырыс беру платформасының презентациясы

 

15 мин

"QazInnovations "инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ қолдау құралдары орталығының директоры Абдуалиева Аяужан Ералыевна

Стартап жобаларды мемлекеттік қолдау құралдары.

 

10 мин

Іс-шара 12 сәуірде сағат 11:00-де ZOOM алаңында онлайн-форматта өтеді. Тіркеу аяқталды.