🎨 Воркшоп: «Графикалық дизайн: нарыққа шығу»
🎨 Воркшоп: «Графикалық дизайн: нарыққа шығу»
Графикалық дизайнер ретінде индустрияда өз жолыңызды қалай қалыптастыруға, нарыққа шығуға және ірі брендтермен жұмыс істеуге болады?
Сіздерді «Графикалық дизайн: нарыққа шығу» атты онлайн воркшопқа шақырамыз. Бұл кездесуде дизайн дағдыларын сұранысқа ие өнімге қалай айналдыруға болатынын білесіз.
🎙 Спикер:
Азамат Амантай — Decentrathon, Meta, InDriver, BCC компанияларымен жұмыс тәжірибесі бар графикалық дизайнер. Ол өзінің кәсіби жолымен, практикалық инсайттарымен және нақты кейстерімен бөліседі.
💡 Воркшоп барысында талқыланады:
— дизайнер ретінде нарыққа шығу және алғашқы тапсырыстарды табу жолдары
— клиенттерді тартатын портфолио қалыптастыру
— компаниялармен және ірі брендтермен жұмыс істеу ерекшеліктері
— бастаушы дизайнерлер жиі жіберетін қателіктер және оларды болдырмау тәсілдері
📅 22.01
⏰ 17:00
📍 Онлайн (Google Meet)
🔗 Қосылу сілтемесі @qostanai.hub парақшасының сипаттамасында
Бұл воркшоп жаңадан бастаған және тәжірибелі дизайнерлерге, сондай-ақ креативті индустрияда дамығысы келетін жандарға пайдалы болады.
Қосылыңыз! 🚀
-
Ұйымдастырушы
Международный инновационный кластер «Astana Hub»
-
Сала
Веб-әзірлеу және дизайн
-
Формат
Онлайн
-
Регион
Қостанай
-
Дата начала
Қаң. 22, 2026 17:00
-
Дата завершения
Қаң. 22, 2026 19:00