Іс-шаралар

Women in Tech: Мүмкіндіктер және қауымдастыққа қосылу

event-thumbnail

⚡️ Women in Tech: Мүмкіндіктер және қауымдастыққа қосылу

WIT Spring Intensive 2026 көктемгі маусымы аясында Атырау қаласында кездесеміз!

Технология саласындағы қыз-келіншектерді Атыраудағы Women in Tech қауымдастығымен жақынырақ танысуға және қауымдастығын дамытуға арналған ашық таныстыру сессиясына шақырамыз.

Women in Tech — әлем бойынша IT және технологиялар саласындағы әйелдерді біріктіретін халықаралық қозғалыс. Қауымдастық кәсіби өсуді, көшбасшылықты, кәсіпкерлікті және өз технологиялық жобаларын құруды қолдайды.

Іс-шара барысында:

• Women in Tech миссиясы, мақсаттары мен жаһандық мүмкіндіктерімен таныстырылады

• Қауымдастықтың жобалары мен алдағы жоспарлары туралы айтылады

• Қатысушылар өзара танысып, тәжірибе алмасады

• Tech саласында өз жобаларыңызды қалай дамытуға болатыны туралы талқыланады

•Қалай қосылуға және белсенді мүше болуға болатыны түсіндіріледі

Бұл – пікірлес мамандармен байланыс орнатып, қолдау көрсететін кәсіби ортаға қосылуға тамаша мүмкіндік.

Көктем — жаңа қадамдар мен батыл шешімдердің уақыты.

Қосылыңыз және Women in Tech қауымдастығымен бірге дамыңыз!

📅 Күні: 2026 жылғы 9 Наурыз (Дүйсенбі)

🕙 Уақыты: 11:00

📍 Өтетін орны: Aтырау хаб кеңістігі, Кенжебай Мәденов 7а

Атырау, Қазақстан

#WITSpringIntensive2026

  • Ұйымдастырушы

    Филиал автономного кластерного фонда "Парк инновационных технологий" по городу Атырау

  • Сала

    Басқа

  • Формат

    Оффлайн

  • Регион

    Атырау

  • Мекенжай

    ул. Батыргали Каленова 22, Атырау, Казахстан

  • Басталу күні

    Наурыз 9, 2026 10:45

  • Аяқталу күні

    Наурыз 9, 2026 14:00

Қатысу