Воркшоп: Украиналық TA Ventures венчурлық қоры мен ICLUB жеке инвесторлар клубынан стартаптарға инвестициялау жайында

TA Ventures — Виктория Тигипконың басшылығындағы 10 жылдық тарихы бар қор 130-дан астам инвестиция және 30-дан астам экзит жасаған. Қор американдық және еуропалық бастапқы сатыдағы стартаптарға инвестиция құяды.
Қонақта — Тамара Лобзина ICLUB Global CEO-сы және Антон Полесков ICLUB Global жобалық менеджері, кездесуде модератор болады.

Онлайн-сессия барысында спикерлер қор үшін мәмілелерді табу және бағалау туралы айтып береді, өз портфолиосындағы компаниялардың кейстерімен және мысалдарымен бөліседі. Сондай-ақ, олар ақпан айының соңында Қазақстанда жұмысын бастайтын ICLUB клубының көмегімен pipeline-нан мәмілелерге қалай инвестиция салуға болатынын айтып береді.

❗️Тіркеу аяқталды.

❗️Формат: гибридті (офлайн — орын саны шектеулі*, ZOOM арқылы онлайн)
* санитарлық нормалардың талаптарын сақтау мақсатында