Абзал Ерғалиев: Tech Orda мені ширатып, білімімді шыңдады

Қазір елімізде IT мамандарға деген сұраныс көп. Өйткені ақпараттық технология күнделікті өмірде үлкен маңызға ие болып отыр. Сондықтан да бұл мамандыққа қызығушылардың да қатары артып келеді. Ал бұл саланы игеріп әкету үшін әрдайым білім мен біліктілік шыңдалып отыруы тиіс. Осы ретте елімізде IT саласын дамытуға арналған Tech Orda бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Бұл Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Astana Hub-тың біріккен қаржыландыру бағдарламасы. Онда оқыған әрбір студентке 600 000 теңгеге дейін грант беріледі.


Атырау тұрғыны Абзал Ерғалиев  Tech Orda бағдарламасы бойынша 10 ай бойы қаладағы iBrainCode мектебінде білімін жетілдіріп, бүгінде соның нәтижесін көріп отыр. Ол қазір  NCOC компаниясында мұз және гидрометеорологиялық зерттеулер жөніндегі жетекші инженер болып жұмыс істейді.

- Абзал Тілепқазыұлы, Tech Orda курсы туралы қалай білдіңіз?

- Мен ұдайы білімімді жетілдірсем деп ізденіп жүремін. Содан бір күні интернетті қарап отырып, Tech Orda бағдарламасы туралы білдім. Электронды пошта арқылы хабарласып, көп ұзамай оқуға шақырту алдым. Курс ұнады. Сабақ Zoom платформасында өтті. Онда Python, Power BI және басқа да бағдарламалар бойынша дәрістер өткізілді. Біз онда деректермен қалай дұрыс жұмыс істеуді үйрендік. Практикалық сабақтар көп болды. Осы курсты оқыған соң көптеген сұрақтардың жауабын таптым. Білімімді шыңдадым. Енді өз саламда жүйеге енгізіп, пайдаланып жатырмын. Мәселен, компьютерлік жүйелер мен бағдарламалау жүйелерін қолдана отырып, оңтайлы нәтиже алу үшін деректермен жұмыс істеу қабілетім артты.

- Курстың ерекшелігін атап өтесіз бе?

- Курстың бағдарламасы мен әдістемесі ұнады. Бәрі анық, айқын және түсінікті. Мұндай курстар бізге өте қажет. Мен осыған дейін осындай сабақтардың бірнешеуін оқыдым. Бәрі ақылы болды. Бірін түсінсең, енді бірін түсінбейсің. Әр сабақтың әдістемесі болуы керек деп ойлаймын. Өзге курстар сол жағынан ақсады. Ал мұнда оқытушылар мықты болды. Қарапайым тілмен жеткізе білді. Оған қоса Tech Orda-да тегін білім алдым. Тағы бір маңызды нәрсе айтқым келіп отыр. Tech Orda-да тек қана IT-ға қатысы жоқ азаматтар да оқи алады екен. Басқа салада жүрген жастарға мол мүмкіндік берілген. Қысқа мерзімде ІТ-маманы болып шығады. Бұрын бұл саланы меңгеру қиын болса, қазір ақпараттық технологиялар дамыған сайын оңай болып келеді. Бағдарламалаумен күнде айналысу керек. Сонда шеберлік қалыптасып, белгілі бір нәтижеге жетесің.

Сұхбаттың толық нұсқасы atpress.kz сайтында 

Комментарии 2

Авторизуйтесь чтобы оставить комментарий