Биыл Tech Orda бағдарламасына 35 мыңнан астам өтінім түсті
Astana Hub халықаралық технопаркі IT-мамандарды дайындауға бағытталған Tech Orda бағдарламасының жаңа легі оқуға кіріскенін хабарлайды. Биыл 35 764 өтінім түсті, бұл рекордтық көрсеткіш IT-мамандықтарына деген сұраныстың біршама артқанын айшықтайды.