Astana Hub-қа Оман Сұлтандығының делегациясы келді
25 ақпанда Astana Hub-қа Оман Сұлтандығының Сыртқы істер министрі Бадр бен Хамад Әл-Бусаиди бастаған делегация арнайы сапармен келді. Қонақтарды Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев қарсы алды.

Сапар барысында делегация Astana Hub пен Tomorrow School қызметімен танысты. Қазақстандық стартаптар – технопарк резиденттері қонақтарға инновациялық шешімдерін ұсынып, жетістіктерімен бөлісті. Таныстырылымға қатысқан жобалар қатарында:
- Beksar – жаһандық даму көзқарасы бар бизнесті-автоматтандыру платформасы.
- WeGlobal – жасанды интеллектті пайдалана отырып, оқушыларға кәсіби бағдар беру мен психологиялық қолдау көрсетуге арналған EdTech-стартап.
- Alaqan – биометрия технологиясын қолдана отырып, алақан тамырларын тану арқылы контактісіз төлем жүйесі.
Қонақтар ұсынылған инновациялық шешімдерге қызығушылық танытып, Қазақстанның технологиялық экожүйесінің дамуына назар аударды.
Пікірлер 1
Кіру пікір қалдыру үшін
Elias Zholaman · Наурыз 3, 2025 16:03
👍👍