Astana Hub өз резиденттеріне PR-кеңес беруді жалғастырып жатыр

Технопарк пен бағдарлама қатысушылары PR-стратегияны құру бойынша көмек алу үшін Astana Hub сайтында өтінім бере алады.


PR-консультация аясында стартаптарға мына ұсыныстар қолжетімді: 

  • Брендтің Қазақстан ақпарат айдынындағы үлесін талдау: консультант ұйымның еліміздің ақпарат кеңістігіндегі имиджіне шолу жүргізеді. 
  • Компанияны ілгерілету жөніндегі PR-жоспар: кеңесшімізбен бірлесіп, Astana Hub-тың барлық қолжетімді құралы мен алаңын пайдаланып, стартапты тиімді ілгерілету үшін нақты қадамдарды айқындайсыз. 
  • БАҚ-пен қарым-қатынас орнатуға арналған ұсыныстар: тілшілердің қызығушылығын оятып, материал жариялауға ынталандыру үшін компанияңыз туралы мәліметті ұтымды ұсыну тетіктері жөнінде кеңес аласыз. 
  • Баспасөз баяндамасын жазуға арналған ұсыныстар: сіз көпшілікке тарататын ақпараттық материалдар мен хабарламаларға талдау жасаймыз. Аудитория назарын аудару үшін мәтін мазмұнын жақсарту бойынша ұсыныстар береміз.
  • Әлеуметтік медиамен жұмыс істеуге арналған кеңестер: кеңесшімізбен бірге аудиторияңыздың белсенді болуы үшін қай желі алаңын пайдалану керегін және контент форматтарының тиімділігін талқылап, өз сұрақтарыңызға жауап аласыз. 

PR-кеңес алу үшін технопарк резиденттері өтінімдегі барлық сұраққа жауап беріп, мейілінше толық ақпарат ұсынуы қажет. Бұл бізге консультацияға мұқият дайындалып, компанияңызды БАҚ-ты қызықтыратын әлеуеті бар кейіпкерлер мен ұйымдар базасына қосуға мүмкіндік береді. 

Біз резиденттерімізді табысқа жету жолында зор ықыласпен қолдаймыз және PR-кеңес алу үшін өтінімдеріңізді күтеміз.

 

Пікірлер 2

Кіру пікір қалдыру үшін

🤷‍♀️ куда отправлять заявку?

Жауап беру

Нет подробных условий по комментариям

Жауап беру