Отандастарға дауыс берейік: қазақстандық стартаптар Meet the Drapers әлемдік шоуында $1 миллион үшін жарысып жатыр
Төрт қазақстандық стартап — Astana Hub резиденттері әлемдік аренаға шығып, стартаптардың ең беделді реалити-шоуы Meet the Drapers-те $1 миллион ұтып алу үшін бақ сынауда. Бұл маңызды оқиға әлемнің түкпір-түкпірінен келген 44 үздік стартаптың басын қосып, олардың инновацияларын аты аңызға айналған Дрейпер отбасы мүшелерінен құралған инвесторларға таныстыруда.

Қолдау көрсету үшін 2025 жылдың 21 наурызы сағат 12:59-ға дейін (Астана уақытымен) мына сілтеме арқылы дауыс беру қажет.
Қатысушылар арасында Arlan Biotech, Investbanq, Idos Games және Teen Tech Ed атты қазақстандық стартаптар бар. Бұл — Қазақстанның ғана жетістігі емес, бүкіл Орталық Азия мақтанышы. Финалистердің тағдырын көбіне көрермен дауысы шешеді: ең көп дауыс жинаған 3 стартап бас жүлде үшін таласқа түседі.
Стартаптарымыз Digital Bridge форумы аясында ұйымдастырылған арнайы кезеңде дараланды. Әлемдегі ең ықпалды венчурлық инвесторлардың бірі Тим Дрейпер Қазақстанның цифрлық трансформациядағы жоғары әлеуетіне тоқталып, елдегі инновациялық бастамалардың маңызын атап өтті.
Meet the Drapers — әлемдегі ең ірі питчинг байқауы, ол стартаптарға өз идеяларын танытып, ықпалды инвесторлардың қолдауын алып, әлемдік стартап-экожүйесінің бір бөлігі болу мүмкіндігін ұсынады. Қазылар алқасы құрамында Tesla мен SpaceX-ке инвестиция жасаған Тим Дрейпер, оның әкесі Билл Дрейпер және әпкесі Полли Дрейпер бар.
Meet the Drapers шоуының жетінші маусымы әлемнің ең ірі қалаларында түсірілді: Абу-Даби, Париж, Остин, Майами, Нью-Йорк, Карачи, Кремний алқабы мен Астана қаласында. Қазақстан осы ғаламдық тарихтың бөлшегі болып, халықаралық стартап-экожүйесінде өз рөлін айшықтады.
Қазақстандық стартаптардың осынша мәртебелі халықаралық жобаға қатысуы Орталық Азиядағы IT-индустрияның қарқынды дамуын айқындайды. Сіздің дауысыңыз қазақстандық стартаптардың финалға жолдама алып, көкейдегі мақсатқа жетулері үшін зор ықпал етеді.
Дауыс беру тәртібі:
- Meet the Drapers шоуының ресми сайтына өтіңіз.
- Қатысушылар арасынан қазақстандық стартаптарды тауып, оларды таңдаңыз.
- Таңдаған стартаптың сипаттамасы астындағы «Дауыс беру» батырмасын басыңыз.
- Электронды пошта мекенжайын енгізіп, дауысыңызды растаңыз.
Әр электронды поштамен бір рет қана дауыс беруге болады. Тек расталған дауыстар есепке алынады, сондықтан пошта жәшігіңізді немесе спамды тексеруді ұмытпаңыз.
Қолдау көрсетіп, әлемге өңіріміздің инновациялық әлеуетін танытайық!
Digital Bridge форумы аясында Астанада түсірілген қазақстандық командалар шығарылымы 24 қаңтар күні шоудың сайтына жүктеледі. Онда Kaspi.kz бас директоры және құрылтайшысы Михаил Ломтадзе, Freedom Holding Corp. холдингінің негізін қалаушы Тимур Турлов және Qazaqstan Investment Corporation басқарма төрағасы Айнұр Қуатова шақырылған төрешілер ретінде қатысады.
Пікірлер 34
Кіру пікір қалдыру үшін
Lain Iwakura · Ақп. 3, 2025 02:38
✌️✌️✌️✌️
Назым Т · Қаң. 31, 2025 09:36
пусть победит сильнейший)) удачи всем
Гузель Айсаева · Қаң. 31, 2025 00:37
желаю всем удачи
Бексултан Макашов · Қаң. 30, 2025 11:56
удачи
АЙДОС СЛЯМҒАЗИН · Қаң. 30, 2025 11:23
Good luck!
Yernarbi Myrzaliyev · Қаң. 29, 2025 21:51
молодцы
Yernarbi Myrzaliyev · Қаң. 29, 2025 21:50
Керемет!
Гаухар Кариева · Қаң. 29, 2025 21:22
Удачи всем!!!
Sait RENCHBER · Қаң. 29, 2025 19:24
good luck !
Ramiz Mamedov · Қаң. 29, 2025 17:39
Good luck 🤞
Максим Буряков · Қаң. 29, 2025 13:20
Удачи нашим
Bal ...zhan · Қаң. 27, 2025 18:48
✌️✌️✌️
Aidar Sydykov · Қаң. 27, 2025 16:25
Очень классно!
Ilias Zholaman · Қаң. 27, 2025 15:17
Молодцы
Ilias Zholaman · Қаң. 27, 2025 14:51
👍👍👍
Kyzylorda Hub · Қаң. 27, 2025 11:26
👏👏👏
Исламбек Аманжолов · Қаң. 27, 2025 10:48
Молодцы 👍
Bal ...zhan · Қаң. 26, 2025 23:25
👏👏👏
Ерали Жаксыбаев · Қаң. 26, 2025 01:38
🔥🔥🔥
Бекмухамед Бегалев · Қаң. 25, 2025 17:06
Желаю удачи!
Zhuldyz Murat · Қаң. 24, 2025 17:55
круто
Bal ...zhan · Қаң. 23, 2025 23:38
сәттілік ✌️
Kuandyk Sadykov · Қаң. 23, 2025 21:16
удачи всем
Balzhan I · Қаң. 23, 2025 17:57
крутооо!
Balzhan I · Қаң. 23, 2025 17:57
ждем!
Samat Sagyndykov · Қаң. 23, 2025 10:47
Красатули настоящие!
Rassul Sharimov · Қаң. 23, 2025 10:17
керемет
Sergey Migin · Қаң. 22, 2025 19:28
Круто, обязательно!
Кайсар Абдыкасым · Қаң. 22, 2025 10:03
Была бы возможность, проголосовал бы за каждого! Только вперед🔥
Arman Zhalgasbayev · Қаң. 22, 2025 00:04
Already upvoted 👍
Rassul Sharimov · Қаң. 21, 2025 23:55
good
Rassul Ait · Қаң. 21, 2025 20:38
Sättilik!!!!!👍
Almas Urazbekov · Қаң. 21, 2025 15:42
Удачи
Анастасия Калабина · Қаң. 21, 2025 14:59
Отличная новость