AI Skills Accelerator for Girls – әйелдерге қазіргі заманғы технологияларға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді көздейтін жаһандық бастама. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында екі жыл ішінде 12 елден 1000 қыз-келіншекті оқыту жоспарланды, оларға технологиялық секторда табысты жұмыс істеу үшін қажетті білім мен ресурстар беріледі.
Қазақстан 2024–2025 жылдарға арналған бағдарламаға енген алғашқы алты елдің қатарында. Сондай-ақ Үндістан, Иордания, Кения, Мальта мен Парагвай бар. Бұған мемлекеттердің цифрлық трансформацияны қолдау және әйелдердің технологиялық саладағы үлесін арттыру бастамалары әсер еткен.
Бағдарлама мақсаты – қатысушыларға жасанды интеллектіні қолданып, өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін практикалық білім мен дағдыларды беру. Воркшоп тақырыптары жасанды интеллект негіздерін: машиналық оқыту, үлкен деректер мен автоматтандыру технологияларының кіріспесі, этика мен жасанды интеллект қауіптерін қамтиды. Мұнда алгоритмдердегі әділдік, сынаржақтық пен технологияларды жауапты пайдалану мәселелер де қозғалады.
Бағдарлама қатысушылары жасанды интеллектіні қолдануға қажет білім мен дағдыларды игеріп, пайдалы қосымшаларды жасауды үйренеді. Ең үздік жобада акселерациядан өтіп, халықаралық деңгейде танылу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, қатысушыларда әлемдік деңгейдегі сарапшылармен пікір алмасып, өз идеяларын дамыту және жүзеге асыру мүмкіндігі болады.
Ескеретіні, орын саны шектеулі – әр күнге барлығы 30 орын бар. Қатысу үшін мына сілтеме арқылы тіркеуден өтіңіз.