Tomorrow School жасанды интеллект мектебінде тегін оқуға өтінім қабылданып жатыр

Astana Hub Қазақстандағы Tomorrow School алғашқы жасанды интеллект мектебінің екінші легіне өтінімдер қабылдап жатқанын хабарлайды. Қабылдау 2024 жылдың 11 қарашасына дейін жалғасады. Бірінші лекте оқуға 2880 өтініш түсіп, оның ішінде 120 адам негізгі бағдарламаға үздік студенттерді іріктеуге мүмкіндік беретін 4 апталық интенсивті оқу кезеңі – «бассейнге» сәтті өткен болатын.


«Бассейнге» өткен қатысушылар бағдарламалаудың қыр-сырымен танысып, әрі қарай оқу үшін өз мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік алады. «Бассейнді» аяқтағаннан кейін қатысушылардың үштен бірі ғана 18 айға созылатын негізгі дайындықты жалғастыра алады. Курс аясында студенттер 50-ден астам жобаны жүзеге асырып, Golang, Rust, JavaScript және Python сияқты 20-дан астам бағдарламалау тілдерін меңгереді.

Tomorrow School жасанды интеллект саласындағы білімді тереңдетудің бірегей мүмкіндігін ұсынады. Қатысушылар алдын ала бағдарламалау тәжірибесін қажет етпейтін тең дәрежелі жүйеге негізделген 01 Edu платформасында оқи алады. Оқу Astana Hub технопаркінің кампусында 24/7 икемді кестемен жаңа iMac компьютерлерінде өтеді. Студенттер бірқатар мамандықты таңдай алады, соның ішінде AI инженері, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші, толық стек әзірлеушісі және т.б. бар. «Бассейнде» жоғары нәтиже көрсеткен студенттер, егер елордада тұрмаса, жеңілдікті баспанамен қамтамасыз етіледі.

Толық мәліметтер мен өтінім қабылдау Tomorrow School сайтында.

Пікірлер 2

Кіру пікір қалдыру үшін

Хорошая программа!

Жауап беру

будет ли такая возможность выкладывать бесплатные записи уроков для самообучения?

Жауап беру