Al-Farabi ScaleUp: Жаңа акселерациялық бағдарламаға өтінім қабылдау басталды

Al-Farabi Innovation Hub Орталық Азиядағы стартаптарға арналған Al-Farabi ScaleUp бағдарламасының алғашқы легі іске қосылғанын хабарлайды. Бұл бастама Astana Hub және Plug and Play Saudi-мен әріптестікте әзірленді. MENA нарығында өз аясын кеңейтуге дайын стартаптарды қолдауды көздейтін бағдарлама Сауд Арабия астанасы Эр-Риядта өтеді. Өтінімдер 2024 жылдың 25 қазанына дейін қабылданады.


Бағдарлама Product-Market Fit (PMF) кезеңіндегі IT-жобалар мен Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжанның мықты технологиялық компанияларына арналған. Іріктеу қорытындысы бойынша 15 үздік стартап Сауд Арабиясының нарығына шығып, аймақтың жетекші корпорациялары және венчурлық қорларымен байланыс орнату мүмкіндігіне ие болады.

MENA аймағындағы инновациялық жобалармен жұмыс істеуде көп жылдық тәжірибесі бар Plug and Play стартаптарға менторлық қолдау көрсетіп, халықаралық нарыққа шығу мүмкіндіктерін ұсынады. Бағдарлама 6 апталық онлайн оқыту мен Сауд Арабиясында өтетін 8 апталық офлайн іс-шараларды қамтиды. Қатысушыларда өнімдерін аймақ нарығына бейімдеу бойынша қолдау, жетекші қорлар мен инвесторлардан инвестициялар тарту және екі ай бойы Эр-Риядта тұрғынжайға қол жеткізу мүмкіндігі бар. Ал ең үздік жобалар Tumar Venture Fund венчурлық қорының инвестициясын ала алады.

Еске салсақ, ҚР ЦДИАӨМ мен Tumar Venture Fund венчурлық қорының бірлескен инновациялық хабы — Al-Farabi Innovation Hub биыл наурыз айында ашылды. Хабтың концепциясы Қазақстаннан Сауд Арабиясына дарынды кәсіпкерлер мен инновациялық стартаптарды тартып, бастапқы инвестицияларды, инкубация және акселерация бағдарламаларын, құнды салалық білім мен желілік өзара іс-қимыл үшін мүмкіндіктерді ұсыну арқылы олардың осы өңірге көшуін және дамуын қолдауға бағытталған.

Al-Farabi ScaleUp бағдарламасы туралы қосымша ақпарат алу және өтініш беру үшін сілтемеге өтіңіз.

 

Пікірлер 7

Кіру пікір қалдыру үшін

Хорошая программа!

Жауап беру

👍🏻👍🏻👍🏻

Жауап беру

Cool opportunity, good luck 🍀

Жауап беру

удачи

Жауап беру

Замечательная новость!

Жауап беру