Astana Hub-та IT HR Community іске қосылады

Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі PAM Kazakhstan компаниясымен бірге IT HR Community ұйымдастыруды қолға алды. Бұл - Astana Hub community аясында персоналды басқару бағытындағы сарапшылар мен мамандардың офлайн және онлайн кездесетін ашық алаңы.


Жоба нетворкингті дамытуға, тәжірибе алмасуға, HR іс-шараларын өткізуге, оқыту бағдарламаларына, шеберлік сабақтарын, speed-рекрутинг өткізуге және т.б. бағытталған. Оның мақсаты – Astana Hub қатысушыларының персоналды басқару тиімділігін арттыру және 2025 жылға қарай Қазақстанның IT-қызметтерінің экспортын 500 миллион долларға жеткізуге үлес қосу.

«IT HR Community негізгі миссиясы – Astana Hub қатысушылары мен серіктестерінің адами капиталын пайдалану тиімділігін арттыру. Адамдар - кез келген бизнес табысының негізгі құрамдас бөлігі. Жаңа жобаның бизнес-идеясы қаншалықты ауқымды болса да, сіз оны мықты командасыз жүзеге асыра алмайсыз. Біздің жоба стартаптар мен компанияларға өздері қалаған командасын құруға көмектеседі деп сенеміз», - деп атап өтті Astana Hub атқарушы кеңсесінің директоры Дания Ахметова.

25 қарашада Astana Hub-те өтетін жобаның ресми тұсаукесеріне IT компаниялардың HR мамандарын шақырамыз. Іс-шара аясында Astana Hub және EPAM арасында IT HR Community бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Меморандум жасалады. Бағдарлама мен толық ақпаратты сілтеме арқылы табуға болады.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін