Қазақстандық RE:CREATE AI стартап-жобасы үш ай ішінде $150 000 инвестиция және 20 000-нан астам қолданушы тартты
Қазақстандық RE:CREATE AI жобасы Activate VC және Jas Ventures қорларынан $150 000 көлемінде инвестиция тартты. Стартап – Astana Hub ұйымдастырған AI’preneurs акселератор бағдарламасының алғашқы легінің түлегі.

RE:CREATE AI – Instagram, TikTok және YouTube платформаларына арналған трендтер мен сценарийлерді табуға көмектесетін жасанды интеллектке негізделген сервис. Ол сарапшыларға, кәсіпкерлер мен шағын бизнес иелеріне көп қаралым мен қолдау жинаған сәтті контентті тауып, оны бейімдеп қайта жасауға мүмкіндік береді. Қолданушы өз тақырыбына сай дайын идеялар топтамасын алып, уақыт пен ресурсын едәуір үнемдейді.
Жоба қазіргі күйіне жетпей тұрып айтарлықтай өзгерістерден өткен. Алғашында команда видео сценарийлерді автоматты түрде бөліп алып, оларды бейімдейтін құрал әзірлепті. Алайда қолданушылар кері байланыс беріп, дайын идеялар аса қажет екенін атаған. Осылайша, RE:CREATE AI трендтер бойынша іздеу жүйесіне айналды.
AI’preneurs бағдарламасына қатысу стартапқа тың серпін сыйлады. Бағдарламаға дейін командада тек MVP (минималды өміршең өнім) нұсқасы ғана болып, оны жоба негізін қалаушы Зәкіржан Айсабаев әлеуметтік желілердегі жеке блогын дамыту үшін пайдаланған. Бағдарлама аясында команда ондаған қолданушымен сұхбат өткізіп, АҚШ-та заңды тұлға тіркеді, ақылы жазылымдарды сынап көрді және алғашқы тұрақты сатылымдары мен 10 000-нан астам қолданушысы бар post-MVP кезеңіне шықты.
«AI’preneurs-ке дейін мен сервистерді код үшін жасасам, енді клиент үшін жасаймын. Бағдарлама маған сату, бизнес-модель құру және қиындықтарға төтеп беруді үйретті. Мен соло-бағдарламашыдан инвестиция тарта алатын стартап негізін қалаушыға айналдым. Физикалық және моральдық күйзеліс болған сәттер де болды, бірақ дәл сол кезде мен функционалдан гөрі құндылық маңызды екенін түсіндім. Кейін алғаш рет жылдық жазылымды сатып, дұрыс бағытта келе жатқанымызға көзім жетті», – дейді Зәкіржан Айсабаев, RE:CREATE AI негізін қалаушы.
Акселерация аяқталған соң RE:CREATE AI Activate VC ұйымдастырған Clash of Startups стартап-баттлында үшінші орынды иеленді. Бұл инвесторлардың назарын аударды. Жобаның қолданушылары екі ай ішінде 10 000-нан асып кеткенде, олар стартапқа қаржы құю шешімін қабылдады.
Тартылған қаржы өнімді әзірлеу тобын кеңейтуге, мобильді қосымшаны іске қосуға, жасанды интеллект үлгілерін жетілдіруге және маркетингті масштабтауға жұмсалады.
AI’preneurs бағдарламасы туралы
AI’preneurs – жасанды интеллект саласындағы стартаптарды дамытуға арналған алғашқы қазақстандық акселераторлардың бірі. Бұл бағдарламаны Astana Hub жасанды интеллект саласын дамытуға бағытталған ұлттық бастама аясында жүзеге асырып, жасанды интеллект технологияларына негізделген өнімдер жасайтын кәсіпкерлер экожүйесін қалыптастыруды көздейді.
Пікірлер 6
Кіру пікір қалдыру үшін
Andrey Zhuravlev · Маусым 5, 2025 04:09
Очень круто! 🔥 И мы готовим к запуску соцплатформу с AI-интеграцией — у нас подобный девайс будет доступен каждому про-аккаунту по умолчанию (без США 😉) Пока это часть пилотного проекта (и это не голословно), но уже интересно, как всё будет синхронизироваться: AI-помощник, соцсеть, контент — и всё по-местному, с казахским характером 🇰🇿 Постараемся запустить тесты до конца месяца. 👉 https://astanahub.com/ru/blog/budushchee-kazakhstanskikh-sotssetei-i-ii-kto-gotov-sozdat-svoiu-ekosistemu
Dias Khamidullin · Маусым 4, 2025 16:47
Рад что успешных стартапов из КЗ все больше и больше!
Айжулдыз Танашева · Маусым 4, 2025 13:06
Молодец!!! Пусть в жизни у тебя будет всегда классно.Удачи тебе!
ВЕНЕРА НУРСУЛТАНОВА · Маусым 4, 2025 12:51
Дорогой молодой талант! Пусть твой путь будет озарён вдохновением, упорством и верой в себя. Желаю тебе не останавливаться на достигнутом, постоянно развиваться и стремиться к вершинам. Пусть твой труд приносит радость людям, а твой талант сияет всё ярче с каждым днём. Удачи, признания и больших побед на творческом пути!
Жолай Айсабаев · Маусым 4, 2025 11:57
Желаю успехов и удачи . Пусть процветает и развивает наш солнечный Казахстан.
Maxim Leman · Маусым 4, 2025 11:48
Поздравляю всех казахстанцев!