Astana Hub пен Қазақстан ГАЖ орталығы Hackathon DefTech ІТ-жобалар байқауын жарялады

Байқау қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы креативті технологиялық шешімдерді іздеуге бағытталған. Оны өткізу, біріншіден, уақытты қысқартады және нарықты зерттеуге және серіктестер табуға қажетті адам ресурстарын үнемдейді, екіншіден, инновациялық кәсіпкерліктің дамуын ынталандырады.


«Біз мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға елеулі қадам жасадық. Азаматтардың көпшілігі оларды электронды форматта алады. Жарияланған конкурс аясында IT мамандарына орындауды ұсынып отырған техникалық міндеттер қорғаныс бөлімінің мүддесіне сай ақпараттық жүйелерді құруға бағытталған», - деп түсіндірді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.

Әзірлеушілерге үш бағыт бойынша технологиялық шешімдер жасау ұсынылды. Біріншісі – курсанттар мен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер арасындағы әскери тәртіпті қамтамасыз етуді бағалау және талдау бойынша. Оған "тамақтану сапасын бақылау", "заттай мүлікпен қамтамасыз етуді бағалау", "әскери тәртіпті бағалау"модульдері кіреді. Екінші бағыт ЖОО-да оқуға грант алу үшін мерзімді қызметтің әскери қызметшілерін іріктеу критерийлері бойынша көпфункционалды платформаның нұсқасын жасауды көздейді. Үшіншісі - DefTech порталын әзірлеу.

Hackathon DefTech IT-жобалар конкурсын Қорғаныс министрлігінің еншілес ұйымы – "Қазақстан ГАЖ Орталығы" АҚ Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркімен бірлесіп өткізеді.

Қорғаныс министрлігі дайындаған техникалық тапсырмалар Astana Hub сайтында жарияланды: https://astanahub.com/ru/tech_task/khakaton-v-sfere-oborony-i-bezopasnosti-defense-tech-2-0. іріктеу туры ағымдағы жылдың 28 қарашасында өтеді. Жеңімпаздар бағдарламалық өнімдерді таныстыру және оларды қосымша зерделеу қорытындылары бойынша анықталады.

Хакатон жеңімпаздарының жобалары келісімшартқа қол қою перспективасымен Тапсырыс берушінің базасында пилоттық режимде іске қосылатын болады.

Конкурсқа 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары, IT-компаниялар, пилоттық жобаны іске асыру үшін жеткілікті ресурстары бар стартаптар қатыса алады. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа және онымен жұмыс істеуге рұқсат беру келісіммен ресімделеді.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін