Кремний алқабындағы Орталық Еуразия: AlchemistX & Silicon Valley Residency бағдарламасының жаңа легі
Astana Hub IT Park Uzbekistan, Silkroad Innovation Hub және Alchemist Accelerator ұйымдарымен бірлесіп, Қазақстан мен Өзбекстанның цифрландыру министрліктері мен венчурлік қорларының қолдауымен AlchemistX & Silicon Valley Residency Program бағдарламасының екінші легінің басталғанын хабарлайды. Бағдарлама Орталық Еуразиядағы стартаптарға АҚШ нарығына жедел шығуға және жаһандық технологиялық индустрияның жетекші өкілдерімен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.

Өтінімдер 2025 жылдың 11 шілдесіне дейін сілтеме арқылы қабылданады.
Төрт айға созылатын бағдарлама аясында қатысушылар Кремний алқабының инновациялық экожүйесіне толыққанды енеді: венчурлік серіктестерден жеке менторлық қолдау алады, салалық іс-шараларға қатысады, АҚШ нарығына шығуға бағытталған практикалық сессиялардан өтеді және инвесторлар алдында өтетін финалдық Demo Day-ге қатысады.
«AlchemistX & Silicon Valley Residency бағдарламасы Орталық Еуразия стартаптарының Кремний алқабынан тек білім алып қана қоймай, оның экожүйесіне тең дәрежеде кіріге алатынын дәлелдеді. Өткен лектің қорытындысы бойынша 22 команда $1,4 миллион инвестиция тартып, $380 мың сомасында коммерциялық келісімдер жасасты. Бұл стартаптардың 2025 жылға жоспарланған жиынтық табысы $17 миллионды құрап отыр. Мұның өзі өңірлік әлеуеттің жоғары екенін ғана емес, нақты бизнес-шешімдерді ілгерілетуге бағытталған тиімді акселерациялық бағдарламалардың маңызын айқын көрсетеді. Біз түлектердің АҚШ нарығына шығып, ұзақ мерзімді келісімдер жасасып, бағдарламадан кейін де тұрақты өсім көрсетіп жатқанын көріп отырмыз – дәл осы нәтиже біздің басты мақсатымыз», – деді Танат Өскембаев, Astana Hub басқарушы директоры.
Бағдарламаға қатысу үшін жоба Қазақстан немесе Өзбекстанда тіркеліп, Astana Hub, AIFC немесе IT Park Uzbekistan резиденті болуы тиіс. Сонымен қатар стартап негізін қалаушыларының АҚШ-та болуы және ағылшын тілін еркін меңгеруі міндетті. Биыл AlchemistX бағдарламасына Қазақстан мен Өзбекстаннан келген стартаптар қатыса алады, ал Silicon Valley Residency бағдарламасы конкурстық іріктеуден өткен барлық Орталық Еуразия елдерінің жобалары үшін қолжетімді.
AlchemistX & Silicon Valley Residency бағдарламасы және өтінім беру туралы толық ақпаратты alchemistsvr.com сайтынан, ал бірінші лек қатысушылары жөніндегі деректерді astanahub.com платформасынан таба аласыз.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін
Шыңғысхан Султахан · Шілде 15, 2025 15:02
Отлично! Удачи в дальнейшем.
Aigerim Satayeva · Шілде 14, 2025 21:59
👍👍👍
Larry Jemmy · Шілде 13, 2025 14:23
WHAT CAN I DO TO RECOVER MY STOLEN BITCOIN? CONSULT THE HACK ANGELS I understand the frustration and stress associated with lost funds through investment scams. They got me and did away with 2.4 million dollars. Luckily, I have some influences around who introduced me to a hacker called THE HACK ANGELS. As specialists in crypto recovery, the team of expert professionals is dedicated to helping individuals and businesses reclaim their lost money lost to investment scams. I couldn't believe my eyes when my 2.4 million dollars was recovered. I’m truly grateful for their service and I feel it is right that I put this out here for anyone who might require their services. You can contact them directly at Email at support@thehackangels.com Website at www.thehackangels.com WhatsApp +1(520)2 0 0-2 3 2 0 I know this might be irrelevant to most of you but if you've ever lost your cryptocurrency to these online scammers on the internet and you need help retrieving it. THE HACK ANGELS is the best cryptocurrency recovery expert. If you're in London, you can even visit them in person at their office located at 45-46 Red Lion Street, London WC1R 4PF, UK.
Мурат Кожанов · Шілде 10, 2025 17:28
Поздравляю!
Елизавета Ивлева · Шілде 10, 2025 16:32
Здорово
Кирилл Жилин · Шілде 10, 2025 10:17
Поздравляю!
Ансат Енсебаев · Шілде 8, 2025 20:15
🔥 Очень мощная возможность для тех, кто хочет не просто «попробовать себя» в США, а реально выйти на рынок с поддержкой.
Max Leman · Шілде 8, 2025 16:08
Поздравляю!
Инна Валитова · Шілде 8, 2025 14:53
Хорошая возможность для стартапа, новый опыт и развитие!
Andrey Zhuravlev · Шілде 5, 2025 21:29
Молодёжи транслируется один и тот же сценарий: "Вырос — уехал — молодец." Месяцы висит в топе материал, который будто бы намекает: уехать — это и есть путь.
Александр Шленчак · Шілде 4, 2025 14:19
Отличное, международное взаимодействие. Открыты новые возможности
Татьяна Калмыкова · Шілде 3, 2025 13:52
отличная новость
Duisenbek Zhangir · Шілде 1, 2025 16:19
лала
Бақдәулет Есназаров · Маусым 27, 2025 11:13
отличная новость
Daler Adamov · Маусым 23, 2025 16:52
🔥🔥🔥 отличная новость
Ser1kbol Diyarov · Маусым 23, 2025 16:23
Good🔥🔥🔥
Dias Khamidullin · Маусым 21, 2025 12:55
🔥🔥🔥
Dana Khabibolla · Маусым 18, 2025 17:46
👍🏼👍🏼🔥
Nurzhan Kalniyazov · Маусым 18, 2025 10:33
Сәттілік
Шотт Вильгейм · Маусым 18, 2025 09:39
Круто
ILYA STAROVOITOV · Маусым 11, 2025 04:38
Шикарная возможность для быстрого развития международного стартапа!
Syrym Zholimbetov · Маусым 10, 2025 16:17
👍🏻👍🏻