Astana Hub
8 қарашада Astana Hub-та Сауд Арабиясы мен Таяу Шығыс нарығын бағындырғысы келетін қазақстандық стартаптарға арналған Al Farabi Scale UP бағдарламасының ашылуы өтеді.
Стоматологиялық емханалар әдетте жабдық пен шығын тауарларын сатып алуға көп уақыт жұмсайды. Ал Қазақстан нарығында жеткізушілер көп болмаса да, қоңырау шалуға, кеңес беруге, өтініш жіберуге, құжат жеткізіп, өңдеуге көп уақыт кетеді. zoob.kz стартабының негізін қалағандар стоматологиялық маркетплейс жасап шықты. Онда бірнеше рет бассаң болды, тауарларға тапсырыс беру процесі жүреді. zoob.kz негізін қалағандардың бірі Мәди Ағатаев Er10.media редакциясына жаңа маркетплейс бизнес шығынын қалай азайтатынын, логистиканы және құжат айналымын қалай жеңілдететінін, сонымен қатар контрафактілік және тіпті қауіпті тауарларды нарықтан ығыстырып тастауға қалай көмектесетінін айтып берді.
Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закарья Astana Hub резиденттерінің жетістіктерімен танысып, биотехнология мен инновацияның Қазақстанның ғылыми-технологиялық дамуы мен болашағы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті. Сапар барысында ол жасанды интеллект саласында мамандарды дайындауға бағытталған Tomorrow School атты бірегей мектептің қызметімен де танысты.
Қазақстандықтар IT-мамандықтарды тегін меңгеруде, деп хабарлайды «24KZ». Бұған ҚР Цифрлық даму министрлігі бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Tech Orda бағдарламасы ықпал етті. Былтыр білім алуға 18 мың адам өтініш берсе, биыл олардың саны екі есе артты. Жалпы, 3 жыл ішінде жоба бойынша 6 мыңнан астам IT-маман оқып шықты.
28-30 қазан аралығында Калифорния штатының Сан-Франциско қаласында өтіп жатқан TechCrunch Disrupt 2024 ірі халықаралық конференциясында Silkroad Innovation Hub өзінің Central Eurasia Pavilion атты павильонын ұйымдастырды. Онда Орталық Еуразиядан шыққан 24 инновациялық стартап ұсынылып, соның ішінде 16 жоба Astana Hub және IT Park Uzbekistan технопарктеріне ортақ Central Asian Innovation Hubs бірыңғай бренді аясында таныстырылды.
Astana Hub Қазақстандағы Tomorrow School алғашқы жасанды интеллект мектебінің екінші легіне өтінімдер қабылдап жатқанын хабарлайды. Қабылдау 2024 жылдың 24 қарашасына дейін жалғасады. Бірінші лекте оқуға 2880 өтініш түсіп, оның ішінде 120 адам негізгі бағдарламаға үздік студенттерді іріктеуге мүмкіндік беретін 4 апталық интенсивті оқу кезеңі – «бассейнге» сәтті өткен болатын.
28 қазанда Ұлан-Батырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан-Моңғол Іскерлік кеңесінің бірінші отырысы өтті.
Келесі 10-15 жыл Орталық Еуразиядан (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркия, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Грузия) ірі юникорн компаниялар (әлемдік нарыққа шығуы кемінде миллиард долларды құрайтын ірі tech компаниялары) шығады. Бұл туралы Кремний алқабының тарихындағы алғашқы Central Eurasia at Silicon Valley технологиялық конференциясының ұйымдастырушылары мәлімдеді.
24 қазанда Жамбыл облысында Beginit Central Asia by inDrive халықаралық жобасының іріктеу кезеңі өтті. Бағдарлама Қазақстанда әлеуметтік көшбасшылардың жаңа буынын тәрбиелеп, талантты балаларды қолдауға бағытталған.
Hub Talks подкастының 16-бөлімі көрерменге жол тартты. Мұнда қалаларымызды ақылды және жайлы етуге септесетін стартаптар тақырыбы талқыланды. Эфирде Astana Smart City бағдарламасының қатысушылары қалалық ортаға арналған инновациялық шешімдер туралы айтып берді.
ИИН:
Продолжая, Вы принимаете условия и предложения AstanaHub
Пройдите по ссылке, которую мы отправили Вам на почту , для завершения регистрации
Жүйеге кіру кезінде пайдаланылатын жаңа электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз
Введите новый номер телефона, который будет использоваться при авторизации в системе
Құпия сөзді қалпына келтіру үшін, сілтеме алатын электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз
Біз сізге жіберген сілтеме бойынша өтіңіз
Поздравляем, вы успешно зарегистрированы на платформе astanahub.com
Себебі сіз парольді і реттен артық қате еңгіздіңіз
Кем дегенде 8 таңба
A-Z бас әріптері
Кіші әріптер a-z
Бір Сан
Бір арнайы таңба
Тіркеу аяқталғаннан кейін біз сізді Astana Hub экожүйесіндегі желіге қосылу үшін автоматты түрде «Нетворкинг» бөліміне қосамыз.
«Нетворкинг» бөлімі желіні дамытуға, пікірлес адамдарды табуға және іскерлік байланыстарды кеңейтуге арналған.
Предоставьте данный код при входе на мероприятие