Tech Orda бағдарламасы аясында 6 мыңнан астам IT-маман даярланды
Қазақстандықтар IT-мамандықтарды тегін меңгеруде, деп хабарлайды «24KZ». Бұған ҚР Цифрлық даму министрлігі бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Tech Orda бағдарламасы ықпал етті. Былтыр білім алуға 18 мың адам өтініш берсе, биыл олардың саны екі есе артты. Жалпы, 3 жыл ішінде жоба бойынша 6 мыңнан астам IT-маман оқып шықты.