Techpreneurs жобасына қосылдым

Баршыңызға қайырлы күн. Жобаға қосылғаныма 10 күндей болды. Алғашқы ойларыммен, кейін жоба барысы қалай өтіп жатқаны туралы ойларыммен бөліссем, мүмкін пайдалы болып қалар. 

Басында барлығы жаңадан болғандықтан, сұрақтар көп болады. Осы тұрғыда жобаға қосылғысы келетіндер, жауап таппағандықтан, қол сілтеп кетуі мүмкін. Бірақ өзіңізге уақыт беріп, қорықпай сайт ішін ақтарып, байланыс телефондар аркылы сұрап, анықтаңыз. 

Келесі ескерер жайт, жобаға қосылғанда сізбен келісім шартқа(договор) отырады. Тезірек бастап кету үшін, оқымай, қол қойып бастап кете береміз. Кәсіпкер, жоба бастап жатқандықтан, жалпы кез келген жағдайда келісім шартты оқуды әдетке айналдырыңыз. Жоба бойынша көптеген ақпарат, және сұрақтарыма жауапты  келісім шарттан алдым. 

Жобадан нәтижемен шығу үшін, трекинг кездесу, консультация, воркшоптарға қатысу керек боласыз. Мен 2 воркшоп, 1 трекинг кездесу, және 1 консультация алып үлгердім. Пайдалы болды, трекер қадағалап, нақты тапсырмалар беретінін ұнады. 

Не үшін қатысып жатырмын, жобам туралы келесі постта толық айтып өтемін. 

Nazerke Kulzhabay

Автор
May 3, 2022, 9:53 a.m.

Комментарии (0)

Авторизуйтесь чтобы оставить комментарий