Кейінгі кезде «стартап», «жасанды интеллект», «цифрландыру» деген сөздерді жиі еститін болдық. Бірақ бұл атаулардың артында қандай үдеріс жүріп жатқанын, бір идеяның қалайша өнімге айналатынын, оны жасаған адамдардың кім екенін көпшілік біле бермейді. Телефондағы қосымша, автоматтанған қызмет, ақылды жүйе дегендердің бәрі сырттай қарағанға жеңіл жұмыс секілді көрінеді. Ал шын мәнінде оған ұзақ ізденіс, тәжірибе, тәуекел, ең бастысы идея күйіндегі жобаны нарыққа алып шығатын қолдаушы орта қажет. Мінеки, осындай технологиялық экожүйенің тыныс-тіршілігін көзбен көріп, қалай жұмыс істейтінін толық түсіну мақсатында ЭКСПО аумағында орналасқан «Astana Hub» технопаркіне арнайы барғанбыз.
Маман болам десеңіз...
Бәсеке табалдырығын 2018 жылы аттаған алғырлар ордасы бүгінде Орталық Азиядағы ең ірі инновациялық хабқа айналып үлгерді. Төрт қабатты ғимаратқа кірген бетте-ақ мұндағы жұмыс ырғағы да, кеңістік мәдениеті де әдеттегі кеңседен өзгеше екенін байқадық. Мәселен, кіреберістегі «Алақан» жүйесі бірден назарымызды өзіне аударды. Өйткені келушілер ішке қарай өту үшін рұқсат қағазын емес, алақанын экранға тосқан кезде жасыл шам жанып, есік ашылып жатты. Ұсақ деталь сияқты көрінгенімен, бұл – хабтағы жобалардың өмірде қолданылып жатқанын көрсететін нақты мысал. Оның үстіне, осы идеяның өзі «Astana Hub»-тан шыққан стартаптың бірі екен.
Тағы бір таңғалдырғаны, бізді адамға ұқсас роботтың қарсы алғаны. Кішкентай құлтемір сәлемдесіп қана қоя ма десек, «технопаркті да өзім таныстырамын», дейді. Ал керек болса! «Ендеше, жол бастаңыз», дедік экскурсия жасайтын робот-қызметкерге.
Технопарктегі бірінші аялдамамыз – «Tomorrow School» кеңсесі болды. Еліміздегі алғашқы жасанды интеллект мектебінің ерекшелігі – мұнда дәстүрлі оқытушылар жоқ, студенттер бір-бірінен үйреніп, тәжірибе алмасады.
«Astana Hub»-тың аса маңызды бағыты – адам капиталын дамыту және технологиялық таланттар қауымдастығын қалыптастыру. Қазір «Tomorrow School»-да елімізден бөлек, АҚШ, Ресей, Өзбекстан және Әзербайжаннан келген 300-ден астам студент білім алып жатыр», дейді «Astana Hub» қатысушыларды қолдау кеңсесінің директоры Нұрмахан Закарин.
Студенттердің орташа жасы – 27, оның ішінде 35%-ы – қыз-келіншектер. Бұл кейінгі жылдары әйелдердің IT саласына қызығушылығының артып келе жатқанын айғақтайды.

«Мамандығым экономист болса да, IT және жасанды интеллектіге қызығушылығым бар еді. «Tomorrow School» адамның өзін-өзі дамытуы туралы түсінігімді түбегейлі өзгертті. Мұнда бір-бірімізден үйреніп, тәжірибе алмасамыз. Бұл жерде білім алумен ғана шектелмей, командамен жұмыс істеуді, кәсіби байланыстар орнатуды үйреміз. Бұл – қарқынды өзгеріп жатқан IT нарығында аса маңызды дағдылар», дейді «Tomorrow School»-ға экономика саласынан келген студент Әмір Жақышев. Демек, қай мамандықтың өкілі болсаңыз да, ІТ бағытында білім алып, жаңа жоба бастап көрсеңіз әбден болады.
Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ».
Толығырақ Еgemen.kz сайтынан оқи аласыздар.