TrustContract Blockchain-технологиясының тұсаукесері

22 маусым күні AstanaHub халықаралық IT-технопаркі алаңында өтетін TrustContract Blockchain-технологиясының тұсаукесері өтеді.

TrustContract – бұл SMS арқылы онлайн келісім-шарттарға қол қою сервисі. Сервис келісім-шарт жасасу процесін барынша жеңілдетуге арналған.

TrustContract отандық IT индустрияны дамытудың бір бөлігі болып, әр азамат үшін қолжетімді сервистерді жасауға өз үлесін қоса алады. Қазақстан Президенті – Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір азамат өзінің смартфонын пайдалана отырып, болашақта мемлекеттік қызметтерге жан-жақты қол жеткізе отыра, өз істерінде отандық IT-сервистердің технологиялық бағдарламаларын қолдана отырып, өз жұмысының тиімділігін арттыра алуы үшін қайталану мен бюрократияны болдырмау қажеттігін атап өтті.

Trust Contract сервисі бизнеске айтарлықтай ақшалай қаражатты үнемдеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бюрократиясыздандыру бойынша қаулысын орындауға көмектеседі.

Тұсаукесер қонақтары мен қатысушылары жаңа IT-технологияның артықшылықтары, онлайн режимінде келісім-шарттар жасасу үрдісін оңтайландыру, сондай-ақ Қазақстанның IT индустриясындағы және әлемдегі соңғы трендтер жайлы ақпарат алып, өзара талдап, ой алмаса алады.

Тұсаукесерде спикерлер ретінде TrustContract негізін қалаушысы және СЕО – Шыңғыс Дәулетбаев және сервис серіктестері сөз сөйлейді.

Қатысушыларды іскерлік бағдарлама мен тәжірибелі спикерлер күтеді, жылы және еркін атмосфера, сыйлықтар ойнатылады, ал кеш соңында мерекелік фуршет өтеді.

 

Өтетін күні: 22.06.2022

Өтетін уақыты: 18:00-20:00 с.с.

Өтетін жері: Нұр-Сұлтан қ-сы, Мəңгілік Ел даңғылы, 55/8, Блок С 4.6.

Comments 0

Login to leave a comment