Astanahub Logo
Events

⚡️ Сіздің JavaScript әзірлеу әлеміне бағыттаушыңыз!

event

Вебинар IT саласымен жаңадан танысып жатқан мамандарға және JavaScript әзірлеуші мамандығына қызыққан адамдарға пайдалы болады.

⠀

Мастер-класста осы сұрақтарға жауап таба аласыз:

🔸 JavaScript не үшін қолданылады

🔸 JavaScript-пен нені әзірлеуге болады

🔸 JavaScript тілінде оқуды қалай бастау керек

🔸 JavaScript-ті қаншалықты жылдам үйренуге болады.

Одан басқа, JavaScript-ті қолданып қарапайым ойындарды қалай әзірлейтінін көресіз, өзіңіздің бірінші кодыңызды енгізесіз және басқа да сұрақтарыңызға жауап аласыз!

Cпикер: Мағжан Тобылбай – Zeba Academy IT мектебінің оқытушысы.

Мағжанның JavaScript әзірлеумен айналысқан көп жылдық тәжірибесі және 4 жылдық академиялық тәжірибесі бар, сонымен қатар халықаралық компанияда әзірлеуші болып жұмыс істеген.

⠀

Zeba Academy — түйінді технологиялар мен озық білім беру мазмұнына бағытталған халықаралық IT мектебі. Қазақстанның белгілі оқу мекемелерімен келісім-шартқа қол қойған — МКТУ (Түркістан), Шәкәрім университеті (Семей) және Қозыбаев атындағы университеттер (Петропавл), сонымен қатар халықаралық баспалар мен мекемелермен әріптестік тәжірибесі бар мектеп.

 

 

We use cookies to ensure the proper functioning of our website and for analytics. By continuing to use the website, you confirm your acceptance of the use of cookies. More

Notification

Social Impact

Share