Astana Hub құрамына мүше болып, салық жеңілдіктерін қолданатын майнинг компаниялары туралы
Astana Hub қатысушылары салық жеңілдіктерін қолданатын және АКТ саласындағы приоритетті қызмет түрлерінің тізбесі аясында жұмыс атқаратын IT-компаниялар мен стартаптар болып табылады. Бүгінгі таңда Astana Hub-та 650-ден астам қатысушы тіркелген, оның 71-і шетелдік қатысуымен құрылған. Жалпы 3 жыл ішінде олар 235 миллиард теңгеден астам табыс тапқан.