Astana Hub инфрақұрылымы
- бұл ЭКСПО аумағында орналасқан, 22 000 шаршы метрден астам, 4 қабатқа дейінгі с3.5, с4.5 және с4.6 павильондары.
Павильондарда IT-компанияларына арналған коворкингтегі жұмыс орындары, дәрістер залдары, келіссөздер бөлмелері, аудиториялар, іс-шаралар өткізу алаңдары және заманауи «А» класты кеңселер бар.
Astana Hub павильондарындағы сервистер
Материалдық рұқсатнама
Astana Hub павильондарына материалдық құндылықтарды: жабдықты, оргтехниканы, жиһазды және т.б. әкелу және шығару үшін рұқсатнама рәсімдеу
Өтініш беруFace ID
Face ID алу үшін өтініш жіберу.
Face ID – адамдардың келбетін тану арқылы, Astana Hub павильондарының аумағына кіруді қамтамасыз етуге арналған жүйе
Hub Service Bot
Келесі қызметтерге өтініш беру: клининг, климаттық бақылау, мобильді топты шақырту және т.б. Astana Hub инфрақұрылымын жақсарту бойынша пікір немесе ұсыныс қалдыру
Материалдық рұқсаттамаға және Face ID, Қор әкімшілігі жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін қол қояды. Демалыс және мереке күндері материалдық рұқсаттамаға және Face ID қол қойылмайды. Демалыс және мереке күндері материалдық құндылықтарды әкелу / шығару үшін алдын ала рұқсаттамаға тапсырыс беру қажет.
Келіссөздер бөлмелерін брондау
c3.5 және c4.6 павильондарында
Сізге 10 келіссөздер бөлмелері қолжетімді. Келіссөздер бөлмелері іскерлік кездесулер, жиналыстар және қоңыраулар үшін арналған.
Брондау-
Брондау уақыты күніне 3 сағаттан аспауы керек
-
Сілтеме бойынша келіссөздер бөлмелерін пайдалану ережелерімен танысу
-
Сілтеме бойынша Face ID-ге өтініш қалдыр
Face ID-сіз павильондарға кіру мүмкін емес
Hub Space бағдарламасы
IT-компанияларына Astana Hub павильондарында орналасып, келесі қызметтер алу мүмкіндігін береді:
-
Қолайлы орналасқан заманауи кеңсе
-
24/7 жұмыс орны
-
Бизнесті дамыту мүмкіндіктері
-
Astana Hub серіктестерінің ресурстарына қол жеткізу
-
Astana Hub павильондарындағы іс-шараларға қол жеткізу