Astana Hub Қазақстанның IT-экспортын ұлғайту бағдарламасының жаңа легін іске қосты
Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен Scalerator IT-компанияларын масштабтау бағдарламасының жаңа легін іске қосты. Өткен жылы бағдарлама кезеңінде қатысушылар $886 мың сомаға келісімшарттар мен келісімдер жасап, $300 мыңнан астам инвестициялар тартты.