Шекарасыз білім: қазақстандық стартаптар – Astana Hub қатысушыларының озық цифрлық шешімдері
Оқу жылының аяқталуына орай Astana Hub білім саласына заманауи EdTech-шешімдер енгізіп жүрген отандық стартаптар топтамасын ұсынады. Бұл цифрлық құралдар оқу процесін жаңғыртып, оқушылар, студенттер, мұғалімдер мен ата-аналар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Үздік жобалар бүгінде елімізде де, шетелде де зор сұранысқа ие болып, білім беру жүйесін уақыт талабына сай түрлендіруге үлес қосып келеді.